АЛМАТЫ, 18 желтоқсан - Sputnik. Рим Папасы Франциск денсаулығының нашарлауы жағдайында бас тарту туралы құжатқа қол қойды, деп хабарлайды РИА Новости агенттігі.
"Мен бас тарту туралы құжатқа қол қойдым. Ол кезде Мемлекеттік хатшы Тарчисио Бертон болатын. Мен құжатқа қол қойып, оған: "медициналық себептермен немесе басқа себептермен кедергілер болған жағдайда, міне, менің бас тартуым", - деді 86 жастағы понтифик Испанияның ABC газетіне берген сұхбатында.