Денсаулық

Коронавирус жұқтырғандар саны азайып келеді

Sputnik
АСТАНА, 18 желтоқсан – Sputnik. Өткен тәулікте республика бойынша 140 қазақстандық коронавирус жұқтырды.
Бір күн бұрын қауіпті инфекция 203 адамнан табылған болатын.
18 желтоқсандағы мәлімет бойынша, 2 190 адам коронавирус инфекциясынан емделуде, олардың ішінде 328 пациент стационарда, 1 862 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.
Індетке шалдыққандар арасында:
11 адамның жағдайы ауыр,
4 пациенттің жағдайы өте ауыр,
1 науқас жасанды тыныс алдырту аппаратына қосылған.