АЛМАТЫ, 18 желтоқсан - Sputnik. Екібастұз ЖЭО апатынан бері мектепке дейінгі мекемелер үш апта бойы жұмыс істемеді. Екібастұзда балабақшалар балаларды қабылдауды 19 желтоқсаннан бастап қайта бастайды. Бұл туралы ақпарат Екібастұз қалалық білім бөлімінің парақшасында жарияланды.
Хабарламада санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес үш және одан да көп күн болмаған балалар денсаулық жағдайы туралы анықтама болса ғана мектепке дейінгі білім беру ұйымына қабылданады.
Тіпті ата-аналарға ыңғайлы болу үшін балаларды тексеру және анықтамалар беру кесте бойынша ұйымдастырылатындығы да айтылған. Алайда бұл ақпарат екібастұздықтарды қуантпады.
Тұрғындар өз наразылықтарын әлеуметтік желі арқылы білдіріп жатыр. Тұрғындары балаларын балабақшаларға апармайтынын және медициналық анықтамадан бас тартатындарын айтады.
Жақында Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов қаланың білім беру нысандарының тәрбиеленушілерді қабылдауға дайындығын тексерді.
"Менің ойымша, Екібастұз балалары үйде отыруды доғарады", – деп жазды ол әлеуметтік желіде.
Оның айтуынша, №1 мектеп-лицейде жылумен жабдықтау қысымы жеткіліксіз болған.
"Энергетиктермен бірге мәселені жергілікті жерде зерттелді. Мамандардың пікірінше, жылыту жүйесін жуу қажет. Осындай жағдай - №11 орта мектепте болып тұр. Жууды дереу бастауды және алдағы күндері толыққанды жылумен жабдықтауды жолға қоюды тапсырдым. №25 апаттық балабақшада жылыту радиаторлары қалпына келтірілді. Жоспарда-дүйсенбіге дейін температураны қалыпқа келтіру тұр. Жауапты мамандарға Екібастұздың білім беру мекемелерінің жұмысын жедел жандандыру міндетін тапсырдым. Қаланың кішкентай тұрғындары мүмкіндігінше тезірек мектептер мен балабақшаларға оралуы керек", – деді өңір басшысы.