АЛМАТЫ, 18 желтоқсан - Sputnik. Атырау қаласы Жұлдыз мөлтек ауданындағы тұрғын үйлердің бірінде жарылыс болып, екі адам зардап шекті, деп хабарлайды облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Оқиға 17 желтоқсанда сағат 6:06 шамасында болған. Атырау облысы ТЖД қызметкерлері жарылыс болған жерге жеткен кезде жалпы ауданы 50 шаршы метр болатын жердің өртенгенін анықтаған. Жарылыс тұрғын үйдегі газды - ауа қоспасының салдарынан болған.
Жарылыстан үйдің шатыры опырылып, тұрмыстық заттар жанып кеткен. Өрт салдарынан үй иесі мен әйелі күйік алып, облыстық ауруханаға жеткізілген. Олардың денелерінің 90% күйік шалған.