АЛМАТЫ, 18 желтоқсан - Sputnik. Дінмұхамед Қонаевты еске алуға арналған Алматы-Қонаев бағыты бойынша марафон өтті, деп хабарлайды Алматы облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі.
Оған Алматы марафон клубының мүшелері мен ниет білдірушілер қатысты. Әуесқой спортшылар Бөгенбай батыр көшесімен 100 метрге жүгіріп өтіп, автобусқа отырды. Марафон Алматының шетінен Қонаев қаласына дейін жалғасты.
Ұзындығы 75 км. Командалық жарыста қатысушылар бір-бірін алмастырып отырды. Ең жас қатысушы 14 жаста, ал ең үлкені 83 жаста.