АСТАНА, 17 желтоқсан – Sputnik. Қызылорда облысы Сырдария ауданында жеңіл көлік түйеге соғылып, бір әйел қаза болды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Оқиға 16 желтоқсан Қызылорда-Жалағаш тас жолында Сырдария ауданы аумағында болды.
"Мазда-626" автокөлігі түйені қағып кеткен. Жол апаты салдарынан бір әйел көз жұмды, тағы бір адам ауруханаға жатқызылды.
Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Тиісті сот сараптамалары тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.