Оқиға

Қызылордада ер адам аспалы көпірден секіріп кетті

Sputnik
АЛМАТЫ, 17 желтоқсан – Sputnik. Қызылордада ер адам аспалы көпірден секіріп, көз жұмды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Трагедия 17 желтоқсан күні түнгі сағат он екі шамасында болды.
102 арнасына қаланың сол жағалауында аспалы көпірден бір ер адам секіріп, өзіне қол жұмсағаны туралы ақпарат түскен.
Оқиға орнына жедел жеткен құқық қорғаушылар азаматтың қайтыс болғанын анықтады.
Аталған дерекке қатысты Қылмыстық кодекстің 105-бабы 3-бөлігі (Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.