Өңірлер

Қостанай облысында екі көлік түгі қалмай жанып кетті, қаза болғандар бар – видео

Қостанай-Қарабұтақ автожолында "ГАЗель" мен жеңіл көлік соқтығысқан
Sputnik
АЛМАТЫ, 17 желтоқсан - Sputnik. Қостанай облысында екі көлік жанып, екі адам қаза тапты, деп хабарлайды Polisia.kz.
17 желтоқсанда сағат 10.30 шамасында Қостанай-Қарабұтақ автожолының 275-шақырымында жеңіл көліктің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, апатқа ұшырады. Салдарынан ол қарсы бетке шығып кетіп, "ГАЗель"-мен соқтығысқан. Қатты соққыдан кейін екі көлік өртеніп кетті.
Жеңіл автокөлік жүргізушісі мен жолаушы оқиға орнында қаза болды. "Газель" жүргізушісі ауруханаға жеткізілді.
Қамысты аудандық полиция бөлімінің бастығы Ерлан Мусиннің айтуынша, қазіргі уақытта Қылмыстық кодекстің 345-бабы "Жол қозғалысы ережелерін бұзу" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Қажетті сараптамалар тағайындалды.