АЛМАТЫ, 17 желтоқсан — Sputnik. Қазақстандық мұнай еуропалық қайта өңдеушілер үшін шикізаттың негізгі көзіне айналды, деп хабарлайды S&P Global медиа холдингі танкерлерді қадағалау жөніндегі деректерге сілтеме жасап.
"Ресейден келген шикі мұнайды алмастыру үшін Еуропалық Одақтың көптеген қайта өңдеушілері CPC Blend және KEBCO маркалы қазақстандық мұнайға көшті. Олар қараша айында күніне 1,2 млн баррель мөлшерінде импорттың ірі көзіне айналды. Бұл Еуроодақтың шикі мұнайдың барлық теңіз импортының 13% құрайды", - деп жазады S&P Global.
Еуропалық компаниялар баламалы жеткізу көздеріне көшуді жеделдетті, сондықтан қазір негізінен Қазақстан, Әзербайжан және Норвегиядан шикі мұнай қабылдайды.
Еуропаға барлығы қазақстандық CPC Blend және KEBCO 1,2 млн б/С деңгейінде импортталды.