АСТАНА, 17 желтоқсан – Sputnik. Өткен тәулікте республика бойынша 203 қазақстандық коронавирус жұқтырды, деп хабарлайды денсаулық сақтау министрлігі.
Тағы екі адам ковидтік пневмонияға шалдыққан.
17 желтоқсандағы мәлімет бойынша, 2 175 адам коронавирус инфекциясынан емделуде, олардың ішінде 328 пациент стационарда, 1 847 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.
Індетке шалдыққандар арасында:
14 адамның жағдайы ауыр,
1 адамның жағдайы өте ауыр,
1 адам жасанды тыныс алдырту аппаратына қосылған.
Бұған дейін денсаулық сақтау министрлігі қоғамдық орындарда қайтадан бетперде тағуға кеңес берген еді. Өйткені қараша айының басынан бері республика бойынша коронавирусты жұқтырған адамдардың саны өсіп барады.