АСТАНА, 16 желтоқсан – Sputnik. Улан-Удэ әуеайлағында Ми-8 тікұшағының қатты қонуы салдарынан үш адам қаза тапты, деп хабарлады РИА Новостиге аймақтағы төтенше жағдайлар қызметінің өкілі.
"Экипаждың үш мүшесі қаза тапты", - деді агенттіктің дереккөзі.
Оның айтуынша, тікұшақ Бурятия астанасындағы әуеайлаққақатты келіп қонған. Оқиғаның мән-жайы анықталыпжатыр.
Бурятия басшысы Алексей Цыденов өзінің Telegram каналында Ми-8 тікұшағы "Байкал" әуежайына қонған кезде өртеніп кеткенін, оның бортында үш адамнан тұратын экипаж болғанын хабарлады.
Оның айтуынша, оқиға жермен жүру жолдарындаболған, ұшу-қону жолағы зақымданбаған.
"Тікұшақты тапсырыс беруші зауыттан қабылдапалмаған, яғниәлі пайдалануға берілмеген. Тікұшақтың бортында экипаж мүшелерінен басқа адамболған жоқ. Өртті әуежай мен Бурятия ТЖМ мамандары сөндіріпжатыр. Экипаждың тағдыры туралы әзіргенақты ақпаратжоқ, бірақ адамдардың қаза болу ықтималдығы жоғары", - деп толықтырды ол.