АЛМАТЫ, 15 желтоқсан — Sputnik. Жаңаөзендегі Ұлттық ұланның 5548 әскери бөлімінен 19 жастағы әскери қызметшінің денесі табылды, деп хабарлайды Lada.kz.
Өз-өзіне қол жұмсады деген болжам бар. Қайғылы оқиға әскери бөлімнің жатақханасында болған. Ақтау гарнизонының әскери прокуроры Ерлан Құтқожаның айтуынша, марқұм 2021 жылдан бері Ұлттық ұлан қатарында болған.
"Ол Ақтөбе облысынан келді. Келісімшарт бойынша сапер болып қызмет етті. Үйленбеген. Қайғылы оқиға туралы туыстарына хабарланды", - деп қосты Құтқожа.
Өлімнің мән-жайы анықталып жатыр.