Өткен тәулікте 279 адамнан коронавирус анықталды

Sputnik
АСТАНА, 15 желтоқсан – Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте 279 адамнан коронавирус анықталды.
Министрлік таратқан мәліметтерге қарағанда, өткен тәулікте коронавирус дертінен 1 адам қайтыс болған.
15 желтоқсандағы мәлімет бойынша, 2 008 адам коронавирус инфекциясынан емделуде, олардың ішінде 308 пациент стационарда, 1 700 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
Індетке шалдыққандардың арасында:
• 13 адамның жағдайы ауыр,
• 1 пациенттің жағдайы өте ауыр,
• 1 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
Айта кетейік, елімізде коронавирус жұқтырғандар саны артып келеді.