Алматыда алты мың ата-анаға айыппұл салынды

Sputnik
АЛМАТЫ, 15 желтоқсан - Sputnik. 6 мыңнан астам алматылыққа балаларының түнгі уақытта көшеде жүргені үшін айыппұл салынды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Жергілікті полиция қызметі басқармасының мәліметінше, ювеналды полиция қызметкерлері түнгі уақытта үйлерінен тыс жерде жүрген кәмелетке толмағандарды анықтау мақсатында ойын-сауық мекемелерінде жүйелі түрде рейдтер жүргізіледі.
"Жыл басынан бері әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 442-бабы 1,2-бөлігінде көзделген құқық бұзушылық негізінде 6354 ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде болуына жол берген 185 кәсіпкерлік субъектісіне де әкімшілік шара қолданылды", – деді Алматы қалалық ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Ержан Ұзабаев.