Жаппай тәртіпсіздік кезінде ұрланған 2 мыңнан астам қару әлі табылған жоқ

Қаңтар оқиғасы кезінде 10 аңшылық дүкен тоналған
Sputnik
АСТАНА, 14 желтоқсан – Sputnik. Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған 2 мыңнан аса қару әлі қылмыскерлердің қолында. Бұл туралы бас прокуратураның 1 қызмет бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Айтуынша, қаруды ұрлау және сақтау фактісі бойынша 519 сотқа дейінгі тергеу тіркелді. Осы қылмыстар үшін 183 адам күдікті деп танылған, оның ішінде 11 адам қамауда отыр, 154 адам сотталды, 27-сі бас бостандығынан айырылды.
"Он аңшылық дүкені тоналды. Сол жерден 1672 мылтық, сондай-ақ 1288 қызметтік қару ұрланды. Осы көлемнің үштен бірі немесе 958 бірлігі табылды. Ал 2 мыңнан астам, оның ішінде гранаталар, автоматтар, мылтықтар, тапаншалар мен граната атқыштары әлі күнге дейін қолдарында", - деді Қилымжанов брифингте.
Ол қаруды ерікті түрде тапсыру бойынша жұмыс жүргізіліп жатқанын атап өтті. Бүгінге дейін азаматтар 119 қаруды өз еркімен полицияға тапсырған.