АСТАНА, 14 желтоқсан – Sputnik. Қаңтар оқиғасы кезінде қылмыстық құқықбұзушылық жасаған 1071 адам рақымшылыққа ілінді. Бұл туралы бас прокуратураның 1 қызмет бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Ол қаңтар оқиғасына қатысқандарға рақымшылық жасау туралы заң 3 қарашада күшіне енгенін еске салды.
"Қазіргі уақытта 1071 адамға рақымшылық жасалды. Атап айтқанда тергеу органдары сотқа дейінгі кезеңде ауырлығы орташа қылмыс жасаған 8 күдіктіні қылмыстық қудалауды тоқтатты. Сотта 9 адамның қылмыстық ісі тоқтатылды. Үкім шығарылған кезде 77 адамға жаза мерзімі қысқартылды", - деді Қилымжанов брифингте.
Сондай-ақ соттар 902 сотталушының жазалау мерзімін қысқартқан: оның 827-сі есеп беретін пробациялар, ал 75-сі жазадан босатылды.
Бұдан бөлек, оның айтуынша, өткен ай ішінде рақымшылық актісін қолдана отырып, бас бостандығынан айыру орындарынан 60 адам, ал пробациялық бақылаудан 68 адам босатылды.