Өңірлер

Көкшетауда Ұлы Отан соғысы кезінен қалған миналар табылды

Sputnik
АСТАНА, 14 желтоқсан – Sputnik. Көкшетау қаласының аумағында болжам бойынша Ұлы Отан соғысы кезінен қалған миналар табылды.
Тот басқан миналарды 39 жастағы экскаватор жүргізушісі тапқан. Қала тұрғыны оларды суретке түсіріп, WhatsApp-тағы топтық чатқа салған.
"Полицейлерге экскаватор жүргізушісі облыс орталығының аумағындағы құрылыс учаскесінде жер қазу кезінде гидромолотпен 6 дана тот басқан минаны қазып шығарғанын айтты. Қазіргі уақытта табылған заттар тәркіленді, сараптама тағайындалды", - деп хабарлайды Polisia.kz.
Алдын ала болжам бойынша миналар Ұлы Отан соғысы кезінен қалған. Сол жылдары Көкшетау аумағына "құпия" деген белгімен әскери зауыт эвакуацияланған. Ол жер қазу жұмыстары жүргізілетін аумаққа орналастырылған.