Бас прокуратура "АрселорМиттал Теміртау" компаниясын тексеріп жатыр

Sputnik
АСТАНА, 14 желтоқсан – Sputnik. Бас прокуратура "АрселорМиттал Теміртау" компаниясының қызметін тексеріп жатыр. Бұл туралы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Оның айтуынша, "АрселорМиттал Темиртау" бойынша келісімшарттық міндеттемелер қайта қаралды.
"Бұл ретте, қазіргі уақытта Бас прокуратураның басшылығымен компания қызметі бойынша кешенді тексеру жүргізілуде. Нәтижелері туралы қосымша хабарланады", - деді Өскенбаев үкімет отырысында.
"АрселорМиттал Теміртау" жұмысын бағалауға халықаралық сарапшылар тартылады