АҚШ Украинаға Patriot ЗЗК жөнелтеді

Sputnik
Технологиялық тұрғыдан кінәраты көп Patriot зениттік зымыран кешені АҚШ-тың Ресеймен тікелей қақтығысқа түсуіндегі жаңа қадам болып отыр. Алайда, бұл техника украин жеріндегі шайқасқа елеулі әсер ете алмайды, деп жазды ресейлік әскери шолушы Александр Хроленко.
Ақ үй әкімшілігі осы аптада Пентагон қорынан орта қашықтыққа ұшатын (80 километрге дейін) Patriot әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесінің бір батареясын Киевке жеткізуге қажетті рәсімдерді аяқтайды.
Patriot стандартты батареясында сегіз ұшыру қондырғысы (төрт зымыраннан), радар, басқару станциясы және электр энергиясы жабдығы бар. Шартты оқ ату кезінде батарея 32 зениттік зымыранды қамти алады.
Украиналық жауынгерлер Германияның Графенвер қаласындағы АҚШ әскери базасында "Пэтриоттарды" басқаруды үйренеді және бұл бірнеше айға созылады.

"Батыста Patriot зениттік зымыран кешені әскери нысандарды (базаларды) және әкімшілік орталықтарды баллистикалық және қанатты зымырандардың, кейбір ұшақтар мен пилотсыз ұшу аппараттарының шабуылынан қорғаудың ең тиімді құралдарының бірі болып саналады. Киев бірнеше ай бойы Вашингтоннан осы кешендерді сұратты. Алайда, америкалық әскери техниканың шынайы мүмкіндіктері тым асыра бағаланған", - деп жазды Хроленко.

Мобильді Patriot ЗЗК АҚШ армиясының қарулануына 1982 жылы қабылданды және 40 жыл қызметінде бірнеше рет модернизацияланды. Жарияланған қашықтығы мен баллистикалық нысаналарды жою биіктігі – 20 километр және 7 километр, аэродинамикалық нысандарды жою мүмкіндігі – сәйкесінше 80 километр және 24 километр. Кешенді орналастыру уақыты 30 минутты құрайды, нысананы анықтау 10 секундқа дейін созылады.
AWACS ұшағының немесе барлау спутнигінің қолдауымен зениттік зымыран кешенінің радар жүйесі шектеулі секторда (90 градус) бір уақытта 100-ге жуық әуе нысанасын анықтауға (170 километрге дейінгі қашықтықта) және бақылауға, оларға сегіз зымыран бағыттауға қабілетті. Зымыран ұшыру арасындағы аралық 3 секундты құрайды. Өте қымбат зениттік оқ-дәрілер қолданылады.
АҚШ Мемлекеттік департаменті тамыз айында Сауд Арабиясына 3,05 миллиард долларға 300 Patriot зымыраны мен тиісті жабдықтарды жеткізуді мақұлдады. Яғни, әрбір зымыран үшін саударабиялықтар шамамен 10,2 миллион доллар жұмсап отыр. Дегенмен, Украинаға жеңілдік жасауы мүмкін.
Patriot ЗЗК-нің 88 ұшыру қондырғысы (шартты түрде 352 зениттік зымыран) Сауд Арабиясының әуе кеңістігін және Saudi Aramco мұнай компаниясының нысандарын йемендік хусит көтерілісшілерінің қанатты зымырандары мен пилотсыз ұшу аппараттарынан 2018 жылдың наурызында да, 2019 жылдың қыркүйегінде де қорғай алмады. Жүздеген зымыранмен оқталған PAC-2 және PAC-3 заманауи модификацияларының америкалық зениттік зымыран кешендері бірде-бір әуе нысанасына тиген жоқ.
Ондаған жыл бойы түрлі елдерде қолданылған кешен ұрыс жағдайында нысанаға 0,4 ату ықтималдығын көрсетті. Яғни, 10 зымыранның төртеуі нысанаға тиеді.
Салыстыру үшін айтсақ, ресейлік аналогы "Бук-М3" ЗЗК-ның (қашықтығы 70 километрге дейін) нысанаға тию ықтималдығы 0,99 құрайды. Америкалыық кешенді пайдалану талаптары күрделі. Ол білікті мамандардан құралған толып жабдықталған бригадаларды қажет етеді, ал Киевте оларды дайындауға уақыт жоқ. Украинаның "Бук", С-300 ЗЗК мен оларға арналған зымырандар қоры таусылуға жуық. Украина Қарулы күштерінде артиллериялық оқ-дәрілер де тапшы.
"Киевке бұған дейін жеткізілген бірнеше IRIS-T және NASAMS ЗЗК секлді америкалық Patriot ЗЗК батареясы ресейлік әскери арнайы операция аймағындағы соғыс қимылдарының барысына әсер етпейді. НАТО елдерінің ешқайсысында сенімді әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесі жоқ. Ал американдық радарлар Ресей Федерациясының гипердыбысты зымырандарын анықтай айлмайды", - деп жазды Хроленко.
The Washington Post басылымы Ақ үйді Украина Қарулы күштеріне Мәскеуді америкалық қару-жарақпен бомбалауға рұқсат беруге шақырды. Америкалық эскалацияның белгілі бір кезеңінде Ресей де тиісті жауап қайтаратыны белгілі.
Әскери шолушы Александр Хроленконың Telegram арнасы.