Алматыда заңсыз салынған таунхаус сүрілді

Sputnik
АЛМАТЫ, 14 желтоқсан – Sputnik. Алматының тау бөктерінде заңсыз салынып жатқан таунхаус сүрілді, деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметі.
Биыл наурыз айында жоспардан тыс тексеру барысында Нұрлытау шағын ауданындағы нысанның заңсыз салынып жатқандығы анықталған. Нысан иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оған құқық бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым шығарылды.
"Нұсқама мерзімінің өтуіне байланысты заң бұзушылықтар жойылған жоқ. Осыған байланысты материалдар Бостандық аудандық сотына жіберілді. Аудандық сот бұзу туралы оң шешім шығарғанымен, меншік иесі оған кері шағымданған", - дейді баспасөз қызметі.
Алайда Алматы қалалық соты Бостандық аудандық сотының шешімін өзгеріссіз қалдырып, заңсыз салынған таунхаус сүрілді.