АСТАНА, 13 желтоқсан – Sputnik. Талдықорған полицейлері кісі өлтіру дерегін тергеп жатыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан полицияға сілтеме жасап.
13 желтоқсанда Талдықорған қаласының Көктем шағын ауданында Toyota Hilux Pick көлігінің ішінен 47 жастағы жергілікті тұрғынның мәйіті табылды.
Болжам бойынша ер адам атыс қаруын қолданып, өзіне қол жұмсаған.
Дерек бойынша қажетті сараптамалар тағайындалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
"Оның барысында бүкіл мән-жай анықталады" деп хабарлады полиция.