Шығыс Қазақстанда жүк көліктері мен автобустардың қозғалысы шектелді

Sputnik
АСТАНА, 13 желтоқсан – Sputnik. "ҚазАвтоЖол" Шығыс Қазақстанда көлік қозғалысына шектеу қойылғанын хабарлады.
Шығыс Қазақстан облысында ауа райының нашарлауына байланысты Астана уақыты бойынша таңғы сағат 08.30-дан бастап Өскемен – Шемонаиха – Ресей Федерациясының шекарасы тасжолының 105-123 шақырымында, Шемонаиха қаласынан Ресей шекарасына дейін жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысына шектеу қойылды, делінген ұлттық компанияның хабарламасында.
Өңірлер
Синоптиктер ауа райы қандай болатынын хабарлады