АЛМАТЫ, 13 желтоқсан — Sputnik. Қазақ КСР Халық әртісі Болат Аюханов 85 жасында қайтыс болды. Бұл туралы Sputnik Қазақстан тілшісіне мемлекеттік академиялық би театрының баспасөз қызметі растады.
Балет әртісі және хореографпен қоштасу Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрында өтеді.
Болат Аюханов 1938 жылы 13 қыркүйекте Семей қаласында дүниеге келген. 1955 жылы Алматы хореографиялық училищесін бітірген.
Еңбек жолын 1957 жылы Алматы қаласындағы Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театрында балет солисі болып бастаған.
Он жылдан кейін ол Қазақстанда ғана емес, Кеңес Одағында да "Алматының жас балеті" (Молодой балет Алма-Аты) хореографиялық миниатюралар ансамблін құрды. Аюханов оның тұрақты жетекшісі, педагогы, орындаушысы, концертмейстері болды және өмірінің соңғы күндеріне дейін осында жұмыс істеді.
Болат Аюхановтың есімі және оның туындылары ХХ және ХХІ ғасырлардағы би өнеріндегі ерекше құбылыс ретінде танылды.