Қарағанды мен Теміртаудағы төрт мың үйге жыл соңына дейін газ жеткізіледі

Sputnik
АСТАНА, 13 желтоқсан – Sputnik. Қарағанды мен Теміртаудағы екі мың үйге газ тарату желісі жеткізілді, деп хабарлады облыс әкімдігі.
Газ тарату станциясы
2022 жылдың соңына дейін төрт мың үй орталық газға қосылу мүмкіндігін алады. Келесі жылдан бастап Шахтинск, Саран, Осакаров және Абай аудандарында газбен жабдықтау желілерінің құрылысы басталады.
Сонымен қатар облыста тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесін шешу бойынша жұмыс жүргізілуде. Мәселен, 2025 жылға дейін бұл қызметті тұрғындардың 100 % алуға тиіс. Қазір орталықтандырылған сумен жабдықтауға қала халқының 98,2%-ы және ауыл тұрғындарының 91,4%-ы қол жеткізе алады.
Инженерлік коммуникациялар салынып жатыр
Жылу қуаттарының тапшылығы мәселесін шешу үшін Қарағандыда ЖЭО-3-тен үшінші жылу таратқыш салынуда. Жоба Оңтүстік-Шығыстағы жаңа ғимараттарды жылумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді және тұтастай алғанда қаланы жылумен жабдықтау сенімділігін арттыруға тиіс.