АСТАНА, 13 желтоқсан – Sputnik. Шығыс Қазақстан облысындағы Бұқтырма су қоймасында болған қайғылы оқиғадан кейін такси жүргізушіге қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан КТК арнасына сілтеме жасап.
6 желтоқсанда жеңіл көлік мінген адамдар кешкі уақытта "Қызыл ту" өткелі маңында Бұқтырманы кесіп өтпекші болған. Бірақ жұқа мұз жарылып кеткен. Салонда бес адам болған. 72 жастағы әйел көліктен шығып үлгермеген.
Полицейлер осы оқиғаның мән-жайын анықталды. Сол күні "Мерседес" көлігінің жүргізушісі паромды күтпей, мұздың үстімен жүрген. Бірақ мұз жарылып кеткен. Такси жүргізуші мен үш жолаушы көліктен шығып үлгерген. Ал зейнеткер әйел суға батып кеткен.
Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 104-бабы (Абайсызда қазаға ұшырату) бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды. Бұл қылмыс үшін үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеу не сол мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.