Еуроодақ дипломатиясының басшысы Жозеп Боррель Украинадағы қақтығыс салдарынан қару-жарақ қоры азайып жатқанына шағымданды, деп жазды РИА Новости тілшісі.
Боррель Киевке әскер көмек қордан емес, әрекет етуші армияның арсеналынан беріліп жатқанын айтты. Яғни, Украина Қарулы күштерін қаруландырып жатқан Еуроодақ өзі қару-жарақтан айырылып жатыр. Бірақ шенеунік Украина жеңгенше оны қолдауды тоқтатпауға шақырды.
Италияның қорғаныс министрі Гуидо Крозетто жылдың соңына дейін жаңа жеткізілімдер болмайтынын мәлімдеді.
"Ары қарай жеткізілімдерге қатысты үкімет қандай шешім қабылдайтынын уақыт көрсетеді", - деді ол.
"Украинаны қолдау Еуроодаққа қымбатқа түсіп жатыр. Немістің Statista порталының мәліметінше, ұлттық ведомстволардан жоғары тұратын еуропалық құрылымдар бұл мақсатқа 34,99 миллиард еуро жұмсаған. Оның ішінде 30,32 миллиард доллар қаржылай, 3,1 миллиард доллар әскери және 1,57 миллиард доллар гуманитарлық көмек ретінде ұсынылған", - деп жазылған материалда.
Мақала авторының пікірінше, мемлекеттер арасында Германия көшбасшы болып отыр. Берлин Киевке 5,5 миллиард еуро көмек бөлді. Шамамен 1,15 миллиард доллар экономикаға салым түрінде, 1,95 миллиард еуро гуманитарлық құрауыш көмек және тағы 2,35 миллиар еуро әскери салаға жіберілді.
Ал Польша екінші орында тұр. Варшава жалпы сомасы 3 миллиард доллар көлемінде көмек көрсетті. Жартысынан астамы, яғни 1,82 миллиард доллар әскерге жұмсалды. Одан кейін 1,41 миллиард еуро жұмсаған Франция тұр: 800 миллион – қаржылық құрауыш, гуманитарлық көмек – 140, әскери көмек – 470.
Бірақ мұның бәрі абсолютті көрсеткіштер, тағы бір көрсеткіш – еуропалық елдерден келген көмек көлемінің олардың ішкі жалпы өніміне қатынасы. Мұнда көшбасшылар толығымен дерлік өзгереді:
Көктемнің басында Еуроодақ Киевке әскери көмек шығынын өтеу үшін Еуропалық бейбітшілік қорын пайдаланғысы келетінін мәлімдеді. Алайда, Politico басылымында жазылғандай, Брюссель қолдау көлемін жете бағаламады.
2027 жылға дейін бюджеті 5,63 миллиард болатын қордың өзі әлемнің түрлі елін қолдау үшін өткен жылы құрылған. Олар 2022 жылы әлем елдеріне жарты миллиард еуро ғана жұмсауды жоспарлаған. Содан кейін Ресейдің әскери арнайы операциясына байланысты бұл бапты бір жарым миллиардқа дейін кеңейтті де, барлық ақша Киевтің қажеттіліктеріне жұмсалды.
Қарашаға қарай осы бағыт бойынша шығын 3,1 миллион долларды құрады. Келесі жылы Киевке қару-жарақ көмеі кемімейді. Дүйсенбі күні кешке Боррель 2023 жылға 2 миллиард еуро бөлетінін хабарлады. Алайда, ол мұндай әрекеттің салдары ауыр болатыны туралы осыдан төрт ай бұрын айтқан.
"Еуроодақ елдерінің қарулы күштері "бонсай армияға" көбірек ұқсайды: олар шынайы көрінгенімен, Ресеймен ауқымды тікелей қарсыласу үшін ресурстары тым аз", - деді шенеунік.
Еуропалықтарды қорқытқан мәлімдеме толық шындық емес, деп түсіндіреді әскери сарапшы Алексей Леонков.
"Еуропалықтар шынымен де қоймалардан қару-жарақ жеткізуге мәжбүр болды. Анығында, олар бұған дайын емес еді. Еуропалықтар тек кеңестік техника және оқ-дәрімен шектелуді жоспарлады. Бірақ ол қорды тез таусылып, НАТО қаруын жөнелте бастады", - дейді сарапшы Алексей Леонков.
Оның айтуынша, техника паркі де мәселе туындатып отыр. Мысалы, немістің Leopard II танктерінің 45 пайызы ғана соғысқа дайын, қалғаны жөндеуді қажет етеді.
"Мәселе еуропалық қару-жарақ қорының таусылуында ғана емес, сонымен қатар жергілікті әскери-өнеркәсіптік кешеннің оларды толықтыра алмайтынында болып отыр. Егер, 90-шы жылдары еуропалық әскери өнеркәсіп америкалық кешенмен бәсекелесе алса, қазір қауқары соншалық қуатты емес", - деді Леонков.