Өңірлер

Жамбыл облысында жарты тоннаға жуық есірткі тәркіленді

Sputnik
АСТАНА, 12 желтоқсан – Sputnik. Жамбыл облысының полицейлері жарты тоннаға жуық есірткі тәркіледі, деп хабарлайды Polisia.kz.
8 желтоқсан күні полицейлер Тұрар Рысқұлов ауданы Қызылшаруа ауылынан 60 шақырым жердегі құмды аумақта Ваз-2121 автокөлігін тоқтатады. Рөлде 47 жастағы жүргізуші отырған. Көлікті тексеру кезінде жүк салғыштан екі қапшық гашиш табылды.
Бұдан бөлек, екі шақырым жерде сырты целлофанмен қапталған екі күрке табылды. Ішінде 36 қап марихуана мен 1 қап гашиш болған. Сондай-ақ, есірткі заттарын илейтін екі елеуіш табылды.
Полицейлердің ақпаратынша, барлығы 472 келіден астам есірткі тәркіленді., соның ішінде 369 келі 588 грамм кептірілген марихуана және 102 келі 760 грамм гашиш.
Қазір бұл дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 296-бабы 4-бөлігі (Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
47 және 30 жастағы екі күдікті өз кінәсін толығымен мойындады. Олар уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Түнгі клубта есірткі сатқан бармен ұсталды – видео