АСТАНА, 12 желтоқсан – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Екібастұз қаласындағы төтенше жағдайды нағыз апат деп атады.
"Екібастұзда болған жағдай шынымен де нағыз апат. Қала тұрғындарына шыдамдылығы үшін алғыс айтқым келеді. Еріктілерге жұмысы үшін ризашығылымды білдіремін. Бұл жағдай мемлекеттік органдар мен табиғи монополия субъектілерінің жылу маусымына жауапсыз қарайтынын көрсетті", - деді Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысында.
Президент Екібастұз жылу энергия орталығындағы апатқа тергеу жүргізіп, істің мән-жайын анықтауды тапсырды.
"Бізде қордаланған мәселелерді жылы жауып қоя салатын практика бар. Осы практиканың соңы ауыр салдарға әкеп соқты. Оны жою үшін қомақты ресурс қажет болды. Мен бұдан сабақ алып, тергеу жүргізу қажет деп санаймын. Тиісті шешім қабылданады", - деді мемлекет басшысы.