АСТАНА, 12 желтоқсан - Sputnik. Елдің басым бөлігі антициклон ықпалында болады, жауын-шашын болмайды.
Тек республиканың солтүстігі мен шығысында қар жауады.
Батыс, солтүстік, шығыс, оңтүстік, оңтүстік-шығыста – жел күшейеді, оңтүстік, оңтүстік-шығыста – тұман.
Дабылды ескерту
Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде түнде қар жауады. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде аздаған бұрқасын болады. Жел екпіні - 15-20 м/с.
Қызылорда облысының орталығында шығыстан 15-20 м/с жел соғады.
Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктеріндегі аймақтарда тұман түседі. Облыстың солтүстігінде шығыстан жел соғады, таулы аймақтарда 15-20 м/с.
Күндіз Ақтөбе облысының орталығында – шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні - 18 м/с.
Ірі қалалардағы ауа райы
Астанада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде 13-15, күндіз 8-10 аяз.
Алматыда көшпелі бұлт шығады. Жел жылдамдығы - 0-5 м/с. Ауа температурасы түнде 10-12, күндіз 1-3 аяз.
Шымкентте жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман. Шығыстан соғатын желдің жылдамдығы - 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде 7-9 аяз, күндіз 1-3 жылы.