Саясат

Президент Маңғыстау облысының әкімін қабылдады

Sputnik
АСТАНА, 12 желтоқсан – Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаевты қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.
Ноғаев Маңғыстау облысының биыл 11 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы туралы баяндады. Сондай-ақ, президентке облыстағы тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, инвестиция тарту, мал азығын әзірлеу жөнінде мәлімет берді.
"Нұрлан Ноғаев президенттің Маңғыстау облысына жұмыс сапары кезінде берген тапсырмалары облысты дамытудың кешенді жоспарына енгізілгенін жеткізді. Мемлекет басшысы жылды жоспарға сәйкес қорытындылауды тапсырды", - делінген хабарламада.