АСТАНА, 12 желтоқсан – Sputnik. Энергетика министрі Болат Ақшолақов отставкаға кетесіз бе деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Үкіметтің кеңейтілген отырысында президент Екібастұз ЖЭО-дағы апат кезінде "құзырлы мемлекеттік орган – энергетика министрлігі апатқа селқос қарап, бейтараптық танытқанын" мәлімдеген еді.
Кулуарда журналистер энергетика министрінен президенттің сынынан кейін отставкаға кетпейсіз бе деп сұрады.
"Егер қажеттілік бар болса, отставкаға кетеміз", - деп қысқа қайырды миниср.
Осы орайда БАҚ өкілдері бес балдық шкаламен өз жұмысына қандай баға беретінін сұрады.
"Жарайды, "үш" деп айтайын", - деп күлді Ақшолақов.
Министрдің айтуынша, жылу желілерінің тозуы бүгінгі таңда ең үлкен проблемаға айналған. Көптеген қалада жағдай мәз емес. Қазір арнайы комиссия жұмыс істеп жатыр. Министрлік шұғыл шешімді қажет ететін жылу электр орталықтарын анықтаған.