Оқиға

Ақтөбе облысында ауылдық округ әкімін өлтірді

Sputnik
АСТАНА, 12 желтоқсан - Sputnik. Дүйсенбіге қараған түні Ақтөбе облысында 36 жастағы ер адам пышақ жарақатынан қайтыс болды.
Ақтөбе облысы Алға ауданының полиция бөліміне шаруа қожалықтарының біріндегі кісі өлімі туралы хабарлама келіп түскен.

"Оқиға орнына жіберілген жедел-тергеу тобы шаруа қожалығының басшысы мен 36 жастағы ер адам арасында жанжал болғанын анықтаған. Шаруа жәбірленушінің ішіне пышақ жарақатын салған", - деп хабарлайды Polisia.kz.

Салдарынан 36 жастағы ер адам қайтыс болды. "Кісі өлтіру" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті қамауға алынды.
ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, көз жұмған ер адам - Алға ауданы Қарабұлақ ауылдық округінің әкімі Ернар Махамбетов.
Ол осы ауылдық округке 2019 жылдан бері жетекшілік еткен.