Алматыдағы түнелде жол апаты болды – жүргізуші көз жұмды

Sputnik
АСТАНА, 12 желтоқсан – Sputnik. Алматы қаласының Медеу ауданындағы жерасты түнелінде жол апатынан көлік жүргізушісі қаза болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Hyundai Sonata Шығыс айналма жолымен тоннелге кірген. Достық көшесімен қиылысқан тұста көлік жүргізушісі белгісіз себептерге байланысты рөлге ие бола алмай, алдымен темір қоршауға, одан кейін түнел қабырғасына соғылған. Соққының қатты болғаны сонша, көліктің алдыңғы жағы ішіне кіріп кетті.
Алматыдағы түнелде жол апаты болды
Көлік жүргізушісі оқиға орнында қайтыс болды. Оның денесін алып шығу үшін арнайы құралдармен көлікті кесуге тура келген. Оқиға орнына полицейлер мен тергеушілер келді. Олар жол апатының себебін анықтайды.