АСТАНА, 11 желтоқсан – Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте коронавирустан бір науқас қайтыс болды.
Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, 11 желтоқсандағы мәлімет бойынша 1 849 адам коронавирус инфекциясынан емделуде, олардың ішінде 263 пациент стационарда, 1 586 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.
Науқастардың арасында:
7 адамның жағдайы ауыр,
4 пациенттің жағдайы өте ауыр,
3 науқас жасанды тыныс алдыру аппаратында жатыр.
2020 жылдың наурыз айынан бері елде барлығы 1 398 662 адам коронавирус инфекциясын жұқтырды.