АСТАНА, 10 желтоқсан – Sputnik. Семей қаласында Chevrolet маркалы көлік иесі сауда үйіне соғылды, деп хабарлайды ішкі істер министрлігі.
Алдын ала мәліметке сәйкес, 43 жастағы жүргізуші Шәкәрім даңғылымен келе жатқанда жылдамдықты асырып жіберген. Ал Уәлиханов көшесінің қиылысында рөлге ие бола алмай, "Аladdin" сауда үйінің ғимаратына соғылған. Зардап шеккендер жоқ. Сауда үйінің қаптамасы мен есігі бұзылды.
Айта кетері, бұған дейін Ақтөбе қаласында Lada Priora өздігінен жүріп, жертөленің баспалдағына құлап кетті.
Сол кезде көлік иесі Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 610-бабы, 1-бөлігі бойынша жауапқа тартылды. Бұл бапта 20 айлық есептiк көрсеткiш (63 600 теңге) мөлшерiнде айыппұл салу немесе алты айға дейінгі мерзiмге көлiкті басқару құқығынан айыру жазасы қарастырылған.