Қазақстаннан ағаш шығаруға тыйым салынды – министрлік тізімін жариялады

Sputnik
АСТАНА, 10 желтоқсан – Sputnik. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Қазақстаннан ағаш шығаруға тыйым салу туралы бұйрықты шығарды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан сілтеме жасап.
Құжат 7 желтоқсанда рәсімделді. Ал екі күннен кейін күшіне енді.
"2022 жылғы 9 желтоқсаннан бастап елден ағаш материалдарының жекелеген түрлерін әкетуге тыйым салынды. Тыйым ағаш өңдеу өнеркәсібін дамыту және Қазақстан Республикасының аумағынан ағаш материалдарын заңсыз кері экспорттауға жол бермеу мақсатында енгізілді", - делінген ресми хабарламада.
Бұйрыққа сәйкес, сіңірілген теміржол немесе трамвай жолдарына арналған қылқан жапырақты тұқымдардан жасалған ағаш шпалдарын қоспағанда, ағаш материалдарының жекелеген түрлерін (ЕАЭО СЭҚ ТН коды 4401, 4403, 4404, 4406 және 4407) Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге тыйым салынып отыр.
Айта кетері, 4401 кодына отынға пайдаланатын ағаш жатады. Соның ішінде бөрене, шөрке, бұтақ, шыбық, жоңқа, брикет пен түйіршік түрінде ағаш материалдары бар.
4403 коды: қабығы алынған және алынбаған құрғақ ағаш материалдары; 4404 коды: жарылған бөренелер, қазықтар мен бағаналар; 4406 коды: теміржол немесе трамвай жолдарына арналған ағаш шпалдары; 4407 коды: қалыңдығы алты миллиметрден асатын тігінен жарылған немесе кесілген, өңделген немесе сүргіленген, тегістелген құрғақ ағаш материалдары;