Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Путин Ангела Меркельдің сұхбатына қатысты пікір білдірді

Sputnik
АСТАНА, 10 желтоқсан – Sputnik. Ресей президенті Владимир Путин Германияның бұрынғы канцлері Ангела Меркельдің Минск келісімдерінің маңыздылығы туралы сұхбатына қатысты пікір білдірді. Бұл туралы РИА Новости хабарлайды.
"Шынымды айтсам, бұл мен үшін күтпеген жағдай болды. Бұрынғы федералды канцлерден мұны естимін деп күтпеген едім. Себебі, мен федералдық республика билігінің біздің елге қатысты әрекеті шынайы деп ойладым", - деді Путин.
Ресей президенті Меркельдің Минск келісімдерін дайындау себептері туралы сөзінен кейін сенімге қатысты мәселе туындайтынын, бірақ Украина мәселесінде келісу керек екенін айтты.
"Енді сенімге қатысты күдік туындайды. Ал сенім онсыз да нөлге тең. Бірақ мұндай мәлімдемелерден кейін қалай келіссөздер жүргізу керек деген мәселе туындайды. Кімммен келісу керек? Ал кепілдіктер қайда?, - деді Путин журналистерге.
Бірақ ол бәрібір бір келісімге келуге керек екенін айтты.
"Біз бұл келісімдерге дайын екенімізді бірнеше рет айтты. Бірақ кіммен қалай келісетініміз және ол келісімге қаншалықты сенуге болатыны туралы ой туындайды. Украина бағытында біз бейбіт келісімдер аясында мәмілеге келеміз деп ойладық. Сондықтан оны үнемі кейінге қалдырып келдік", - деді Путин.
Бұған дейін Меркель Zeit газетіне берген сұхбатында "2014 жылғы Минск келісімі Украинаға уақыт ұту әрекеті болғанын" мәлімдеген. Бұрынғы канцлер НАТО елдері қазір Украинаға көмектесу үшін сол кезде қазіргідей көп нәрсе істей алатынына күмәнданатынын айтты.