АСТАНА, 10 желтоқсан - Sputnik. Шарм-эль-Шейхте (Мысыр) өтіп жатқан ITF W15 сериясы турнирінің жұптық сайысында Аружан Сағандықова мен Жанель Рүстемова финалға шықты, деп хабарлады Қазақстанның теннис федерациясы.
Олар Алиша Рейер (Ұлыбритания)/Камилл Ромеро (Эквадор) жұбын 6:4, 6:4 есебімен ұтты. Қыздарымыздың финалдағы қарсыластары сәл кейінірек анықталады.
18 жастағы Рүстемова үшін бұл ересектер турындағы екінші финал, ал 17 жастағы Сағандықова сәуір мен қазан айларында ITF W15 сериясы бойынша өткен турнирлерде финалда өнер көрсетті.
Финалға жолдама алған Аружан Сағандықова мен Жанель Рүстемова ширек финалда Елизавета Машна мен Елизавета Морозованы жеңді.
Жекелей турнирде Жанель екінші айналымда Ная Берекочеядан 1:6, 7:6 (7:3), 2:6 есебімен жеңіліп қалды. WTA әлемдік рейтингінде 832-орында тұрған француздық спортшы Рүстемованы жеңу үшін 3 сағатқа жуық уақыт жұмсады.