АСТАНА, 10 желтоқсан – Sputnik. 10 желтоқсан күні сағат 16.00-дегі жағдай бойынша, жеке сектордағы 38 үйдің ішінде 5 үйде орталық жылыту, сондай-ақ суық сумен жабдықтау іске қосылды деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.
Екібастұз қаласы әкімі баспасөз қызметінің мәліметінше, 29 жеке үйде жылу және сумен жабдықтауды қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.

"Сонымен қатар, қала бойынша жылу трассаларындағы ұсақ екпіндер мен зақымдарды жою бойынша жұмыстар жалғасуда. Екібастұз қаласының барлық көппәтерлі тұрғын үйлеріне жылу берілді. Сәтбаев көшесі, 8-ші үйдің 6 корпусында ыстық және суық сумен жабдықтаудың жалпы құбырларын монтаждау жүргізілді, сыртқы жылумен және суық сумен жабдықтау жүйелері іске қосылды", — дейді әкімдікте.
Мәшһүр Жүсіп көшесі, 52 мекенжайындағы үйдің 6-корпусында суық және ыстық сумен жабдықтауды қалпына келтіруде.
Қысым мен температура параметрлері төмен аудандарға жылуды қайта бөлу мақсатында жылумен жабдықтауды реттеу жұмыстары жүргізілуде.
Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылғы 8 желтоқсанда Екібастұз қаласының әкімі жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай (ТЖ) режимін жою туралы шешім қабылдады.
Бұған дейін ТЖ режимі Екібастұз қаласы әкімінің ағымдағы жылғы 28 қарашадағы №3 шешімі негізінде енгізілген болатын.