АСТАНА, 9 желтоқсан – Sputnik. Telegram-да Алматы вокзалында теміржолда тұрған танктердің видеосы тарады. Онда әскери техниканың Ресейге жөнелтілгені айтылған.
Қорғаныс министрлігі бұл ақпаратты теріске шығарды, деп хабарлайды stopfake.kz.
"Әлеуметтік желіде Алматы қаласында теміржол станциясында тұрған бронетехника күрделі жөндеуден кейін одан әрі пайдалану үшін Қазақстан Қарулы күштерінің әскери бөлімдеріне жіберілгенін хабарлаймыз", – деді ведомство баспасөз қызметінің өкілдері