АСТАНА, 9 желтоқсан – Sputnik. Павлодардағы Мәшһүр Жүсіп мешітінде облыс ақсақалдары арасында "Елдің тілеуін тілейік!" тақырыбында бата жарысы ұйымдастырылды, деп хабарлады Pavlodarnews.kz.
"Жарыс қорытындысы бойынша бірінші орынды Мәшһүр Жүсіп мешіті атынан қатысқан Балтабай Сыздықов, екінші орынды Қасым қажы мешіті атынан қатысқан Қуат Баязитов, үшінші орынды Қайрат Құджанов иеленді. Жарысқа қатысушылар мен жүлдегерлерге сый-сияпаттар берілді", — дейді баспасөз қызметі.
Бірінші орынды иеленген Балтабай Сыздықов республикалық бата жарысына қатысады.
Айта кетері, Балтабай Сәкенұлы – Қазақстан Республикасының Журналистер одағының мүшесі, Баянауыл ауданының Құрметті азаматы, Халықаралық "Қазақ тілі" қоғамы облыстық филиалы мен "Ақсақалдар тағылымы" қоғамдық бірлестігінің мүшесі, сондай-ақ жергілікті зиялы қауым өкілі, тіл жанашыры мен батагөй ата ретінде кеңінен танымал.
2019 жылы Атырау қаласында өткен "Батаменен ел көгерер" атты республикалық бата беру байқауында бірінші орынды иеленген болатын.