Экономика

Bereke Bank-тің лицензиясы ұзартылды

Sputnik
АСТАНА, 9 желтоқсан – Sputnik. Bereke Bank-ке (бұрынғы Сбербанк) мәмілелерді аяқтауға мүмкіндік беру үшін лицензия мерзімі келесі жылдың көктеміне дейін ұзартылды.
"Bereke Bank" АҚ (бұрынғы "Сбербанк" ) АҚШ Қаржы министрлігі Шетел активтерін басқару жөніндегі басқармасы (OFAC) осы жылдың 8 желтоқсанында банктің қатысуымен мәмілені аяқтауға мүмкіндік беру үшін лицензия мерзімін 2023 жылдың 31 наурызына дейін ұзартқанын хабарлайды", - делінген хабарламада.
Қазіргі таңда банкті SDN санкциялық тізімінен шығару жұмыстары жоспарлы түрде жүргізіп жатыр.
Еске салса, биыл қыркүйек айында "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі Сбербанктің Қазақстандағы еншілес банкін сатып алу жөніндегі мәмілені жапты.
Банк атауы "Bereke Bank" АҚ болып өзгертілді.
Банк қаржылық тұрақтылығын айқындап, өз клиенттерінің алдында салымдарға, несиелерге қызмет көрсету, сондай-ақ ақшаны қабылдау және беру сияқты міндеттемелерін уақтылы орындауды жалғастыруда, деп атап өтті банктің баспасөз қызметі.
Экономика
Halyk Bank "Сбербанк Қазақстаннан" 330 млрд теңгенің кредиттерін сатып алды