АСТАНА, 9 желтоқсан – Sputnik. Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек елорда тұрғындарына үндеу жолдады, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
Жаңа әкім қаланы одан әрі жайлы да қолайлы ету үшін жұдырықтай жұмылып еңбек ететінін атап өтті.
"Қазіргі уақытта дүние жүзіндегі мегаполистердің алдында жаңа жаһандық сын-қатерлер мен міндеттер тұр. Астана да солардың қатарында. Экономикалық көрсеткіштер, кәсіпкерлікті дамыту, инфрақұрылым, қолжетімді әлеуметтік қызметтер – өз жұмысымызда қала өмірі үшін маңызы зор барлық саланы қамтимыз", - деді ол.
Әкімнің айтуынша, қала тұрғындарының жайлы өмір сүруі үшін қолжетімді әлеуметтік тұрғын үйлер, мектептер, балабақшалар, медициналық нысандар және т.б. салуды әрі қарай да жалғасады.
"Қала тұрғындарының саны, құрылыс көлемі жыл сайын өсіп келе жатқанын ескеріп, жылу, су және электрмен жабдықтау нысандарының қуатын ұлғайту бойынша жұмыс істейтін боламыз", - деді Қасымбек.