АСТАНА, 9 желтоқсан – Sputnik. Астананың 19 жастағы тұрғыны 25-ші қабаттан құлап көз жұмды, деп хабарлайды Polisia.kz.
8 желтоқсан күні сағат 10:53-те 102 нөміріне Петров көшесінен жас жігіттің мәйіті табылғаны туралы хабар түскен.
Тексеріс барысында бұл факті расталды.
Полиция қызметкерлері 25-ші қабаттан құлаған жігіттің кім екенін анықтады. Ол елорданың 19 жастағы тұрғыны болып шықты.
Қылмыстық кодекстің 105-бабы "Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тиісті сараптамалар тағайындалды.