АСТАНА, 9 желтоқсан – Sputnik. Астананың тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасы 367 адамның баспана кезегінен шығарылатынын хабарлады.
Басқарманың мәліметінше, кезекте тұрғандар үй алып қойған.
"Құрметті кезекте тұрғандар! Астана қаласының Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасы Қазақстан Республикасының әкімшілік процестік-процессуалдық кодексінің нормаларына сәйкес, тұрғын үй алуға байланысты түгендеу жүргізу аясында сізді кезектен шығару туралы мәселе қаралатынын хабарлайды", - делінген хабарламада.
Кезектен шығарылатындар тізіміне 367 адам енген. Олардың аты-жөнін мына жерден көруге болады.
Егер қандай да бір сұрақ туындаса, Республика даңғылы, 32 мекенжайында орналасқан Тұрғын үй орталығына баруға болады.