АСТАНА, 9 желтоқсан – Sputnik. Ақтөбе облысында жол апатынан 3 жасар бала көз жұмды, деп хабарлайды ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі.
8 желтоқсан кешкі уақытта Самара - Шымкент автожолында Toyota Camry 30 автокөлігінің 30 жастағы жүргізушісі Хромтау қаласы жағынан Әйтеке би ауданының Қарабұтақ ауылы бағытында жүріп келе жатып рульді басқара алмай, жыраға аударылған.
Жүргізуші Әйтеке би ауданының ауруханасына жеткізілді, ал 3 жасар бала алған дене жарақатынан сол жерде қайтыс болды.
Сот-медициналық және автотехникалық сараптамалары тағайындалды.