Өңірлер

Алматы облысында бір топ ұры ұсталды

Sputnik
АСТАНА, 9 желтоқсан – Sputnik. Алматы облысының полицейлері 7 желтоқсанда бір топ пәтер ұрысын қолға түсірді, деп хабарлайды Polisia.kz.
1994, 1995 және 1986 жылғы күдіктілер – Жамбыл ауданының тұрғындары, бұрын бірнеше рет сотталған.
Бұл факті Қылмыстық кодекстің 188-бабы 3-бөлігі (Ұрлық) бойынша Іле ауданының полиция басқармасында тіркелді.
Қазіргі уақытта тергеу жүргізіліп жатыр.
Ұсталғандардың барлығы уақытша ұстау изоляторына қамалды.