Жоғарғы соттың төрағасы ауысты

Жақып Асанов басқа жұмысқа ауысуына байланысты Жоғарғы сот төрағасы қызметінен босатылды
Sputnik
АСТАНА, 8 желтоқсан — Sputnik. Президент Жоғарғы соттың төрағасы лауазымына Асламбек Мерғалиевтің кандидатурасын ұсынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Сенат депутаттары Мерғалиевтің кандидатурасын бірауыздан қолдап, тиісті қаулыны қабылдады. Ал жаңадан сайланған бас судья адал қызмет атқаруға ант берді.
Асламбек Мерғалиев
Мерғалиев 1972 жылы Павлодар облысында дүниеге келген, Қазақстанның сот жүйесінде 20 жылдан астам қызмет етіп келеді.
Павлодар қалалық соты, Екібастұз соты, Солтүстік Қазақстан облыстық соты және Қостанай облыстық сотының төрағасы қызметтерін атқарған. 2020 жылдың желтоқсанынан бүгінге дейін – Ақтөбе облыстық сотының төрағасы.
Жаңадан құрылған үш облыстан сенат депутаттары сайланды