ҰҚК заңсыз қолма-қол ақшаға айналдыру арнасын жойды

Sputnik
АСТАНА, 8 желтоқсан — Sputnik. Ұлттық қауіпсіздік комитеті заңсыз қолма-қол ақшаға айналдыру арнасы жойылғанын мәлімдеді.
"2022 жылдың шілде айында Ұлттық қауіпсіздік комитеті кәсіпкерлік субьектілеріне заңсыз жолмен 135 млрд теңге сомасындағы қаражатты қолма-қол ақшаға айналдыру және салық төлеуден жалтаруға ұзақ уақыт бойы көмектесіп келген адамдарға қатысты ауқымды қылмыстық істі тергеуді аяқтады", - деп жазылған ведомствоның сайтында.
Заңға қайшы іс-әрекетке 300 адам, оның ішінде шетелдік азаматтар және 500 жуық жалған компания мен 5 мың контрагент тартылған болып шықты.
Осы жылдың 5 желтоқсанында Қарағанды қаласы Қазыбек би аудандық соты осы іске қатысы бар 20 фигурантты Қазақстан Қылмыстық кодексінің 216-бабы 3-тармағы және 28-245-бабы 3-тармағы бойынша кінәлі деп танып, әртүрлі жаза мерзіміне соттады.
ҰҚК бұл бағыттағы жұмысты жалғастырып жатыр.