АСТАНА, 8 желтоқсан – Sputnik. Шымкентте дүкенде жөндеу жұмыстары жүріп жатқан кезде өрт шықты.
Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, 7 желтоқсанда 9 қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатындағы дүкенде жөндеу жұмыстары кезінде 10 шаршы метр аумақта пластик құбырлар өртенген.
Сағат 17.18-де өрт сөндірілді. 2002 жылы туған жұмысшы күйік шалып, ауруханаға түсті. Дәрігерлер оның жағдайын орташа ауыр деп бағалап отыр.
Өрт орнына төтенше жағдайлар департаментінің 11 қызметкері мен 2 техника барды.